«Дәндерді тастама – табиғатқа мүмкіндік бер!» экологиялық акциясы
13.10.2026
Мектебімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында экологиялық акция жалғасуда.
Іс-шара барысында балалар табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануды үйреніп, жемістерден дәндерді бөліп алып, оларды зерттеді. Сондай-ақ кішкентай дәннен жаңа өсімдіктің қалай өсіп шығатыны туралы түсінік алды.
Практикалық жұмыс балаларға қоршаған ортаны қорғау жолындағы әрбір кішкентай әрекеттің маңызы зор екенін түсінуге көмектесті. Осындай сабақтар оқушылардың жауапкершілігін, еңбекқорлығын және туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырады.
Кішкентай дән — үлкен өмірдің бастауы! Бірге жасыл болашақ қалыптастырайық!
Просмотров: 1245