Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы
14.10.2026
2026 жылғы 14 қазанда мектебімізде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында оқу үдерісін ұйымдастыру, оқушылардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп ережелерін сақтау және балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, балалардың бойында жауапкершілік, тәртіп, айналасындағыларға құрмет және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, туындаған мәселелерді бірлесе шешу жолдарын талқылады.
Педагогтер мен ата-аналардың тығыз ынтымақтастығының арқасында ғана балаларымыздың білім алуына, тәрбиеленуіне және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасай аламыз!
